В последние годы в преддверии Наурыз-мейрамы 18 марта отмечается как День национальной одежды
Соңғы жылдары Наурыз мейрамы қарсаңында, яғни 18 наурыз күні Ұлттық киім күні ретінде аталып өтуде. Жыл сайынғы дәстүрге сай Көкшетау қаласындағы №6 мектеп-лицейінде жоғары сынып оқушылары арасында «Ұлттық киімдер – халық даналығы» атты қалалық дефиле-байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – ұлттық дәстүрлерді насихаттау, эстетикалық талғам мен сахналық өнерді дамыту, сондай-ақ шығармашылық қабілеті жоғары жастарды анықтау.
Байқауға қатысқан 11 үміткердің алдында өздері туралы үш минуттық бейнеролик дайындап, қызыл кілем үстінде ұлттық киім үлгісін көрсету міндеті тұрды.
Тәуелсіз қазылар алқасының құрамына танымал суретшілер, өнер қайраткерлері, педагогтер және қалалық білім бөлімінің қызметкерлері енді.
Байқау қорытындысы бойынша Гран-при иегеріне диадема мен лента табысталып, бұл ат









